Театр әдебі
Мәдени орынға келу бірқатар әдептілікті сақтауды талап етеді. Аталмыш орындарда ең басты қағида - спектакль барысында оқыс-оқиғаның орын алмауы үшін, сондай-ақ артистер мен музыканттардың ойынына кедергі келтірмей, өздеріңіздей көрермендердің жақсы демалуына мүмкіндік беру болып табылады.
* Сырт киіміңізді гардеробқа еркін өткізіп, спектакльдің бағдарламасымен танысып, өзіңізге тиесілі орынға уақытында отырғыңыз келсе, ТЕАТРҒА қойылым басталғанға дейін кем дегенде 15-20 минут ертерек келгеніңіз абзал. Кешігіп келген жағдайда, сіз өзге көрермендерге кедергі келтіріп қана қоймай, өзіңізге тиесілі орынға емес, бақылаушылар көрсеткен орынға отыруыңызға тура келеді.
* Театрдың кешкі қойылымдарына ересектер мен 12-жастан асқан балалар ғана кіргізілетінін ескерткіміз келеді.
* Театр - мәдени орта екенін естен шығармай, киім үлгіңіздің «көше стилінде» болмауын қадағалауыңызды сұраймыз.
* Фойеге кіргенде бас киімді шешіп, шығатын кезде киген дұрыс.
* Анатомиялық жағынан өз орнына отырған көрерменге арқасымен бұрылып өткені ыңғайлы (өйткені, отырған көрерменнің тізесі кедергі болмайды), дей тұрғанмен, ең дұрысы - көрерменге жүзіңізді беріп өткеніңіз сіздің сыпайылығыңызды байқатады.
* Телефондарыңызды дыбыссыз режимге қойып, қойылым болып жатқан кезде дауыстап сөйлемеуіңізді сұраймыз. Видео-фотоға түсіруге болмайды. Себебі сахнадағы аристерге кедергі келтіреді.
* Қойылым соңында гардеробқа асықпай, спектакльдің аяқталуы мен актерлердің көрерменге ілтипат сәлемін аяғына дейін көргеніңіз - сіздің театр және артистерге деген шексіз құрметіңіз деп білеміз.