«Армандастар» Алатау бөктерінде ән әуелетті

Жаздың соңғы онкүндігінде «Алатау» дәстүрлі өнер театрына қарасты көру мүмкіндігі шектеулі жандардың демалысын ұйымдастыру бөлімінің «Армандастар» вокалды-аспапты ансамблі Алатау бөктеріндегі «Ақ қайың», «Ақ бұлақ», «Ақ бастау» шипажайлары  демалушыларына  концерт қойып қайтты.

Бөлім басшысы Ғазизхан Әділханов пен көркемдік жетекші Айжан Исмаилова жүргізген концерттік бағдарламаларды ансамбль жетекшісі Бәтима Полищук рухты «Қазағым» әнімен шырқап ашты. Ал Алтынбек Төлегенов «Адай» күйін күмбірлетсе, күміс көмей әншілер: Айжан Жолдыбекова, Светлана Токабаева, Ақлима Бағдатова, Әспеткүл Айтжанова, Ғазизхан Әділханов  қазақ және орыс тілдерінде көңілді әндер шырқап, демалушылардың көңілін бір серпілтіп тастады.

Кейбір танымал әндерді қошеметпен қайта сұраған көпшілік концерт соңында өнерпаздарға алғыстарын жаудырды.

Бөлісу: