«Қаламқас» ансамблі - Абай жерінде

2023 жылдың 30 шілде – 3 тамыз аралығында «Алатау» дәстүрлі өнер театрына қарасты көру мүмкіндігі шектеулі бөлім өнерпаздарынан құралған «Қаламқас» вокалды ансамблі Абай облысы, Семей қаласында гастрольдік сапарда болып қайтты.
Абай жеріне аяқ басқанда қаламқастықтарды өзімен тағдырлас «Шамшырақ» клубының мүшелері шашу шашып, бауырсағын тосып, ұрандарын желбіретіп, салтанатты музыкамен қарсы алды.
Федор Зражевский жетекшілік ететін «Қаламқас» ансамблі екі күнде екі концерт берді.
Абай мұражайын аралап, ақын ескерткішіне гүл қойған алматылық қонақтарды семейліктер теплоходқа отырғызып, Ертіс өзенімен серуендетті.
«Жылы шырайлы қонақжайлықтары үшін Семей қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Маржан Аманбердіқызы Бахатоваға, зағип және нашар көретін азаматтардың «Шамшырақ» клубының директоры Марат Қадырұлы Алиасқаровқа алғысымыз шексіз, - дейді өнер сапарын ұйымдастырған әрі концертті жүргізген Айжан Исмаилова.

Бөлісу: