Қапшағай. «Нептун күні».

Биылғы жаз аптап ыстығымен ерекше болып тұр. Осыған орай Алматы қаласының Саңыраулар мәдениет үйінің ұжымы шіліңгір шілденің бір күнін көк айдынды Қапшағай көлінің жағасында өткізуді шешті.
Жаз мезгілінің ең танымал мерекелерінің бірі – «Нептун күні». Бұл мереке балаларға да, ересектерге ұнайды және көлге шомылуға барғандар үшін кеңестік заманнан дәстүрге айналған атрибут.
Театрландырылған мереке сценарийі де тартымды болды. Қонаққа Нептун және Су ханшайымы келіп, көпшілікті ертегінің сиқырлы сәттерімен баурады. Су, теңіз тақырыбына ұйымдастырылған өте қызықты квест мерекелік көңіл-күй мен жағымды эмоциялар көрсетуге мүмкіндік берді.
Ал судағы ойындар: спорттық жаттығулардан жарыс демалушыларды қуаныш пен күлкіге қарық қылды.
Мереке соңында Су ханшайымы барлық қатысушыларға салқын сусындар мен балмұздақ таратты.
«Былтырғыға қарағанда Қапшағайға баруға ниет білдірген есту мүмкіндігі шектеулі жандар биыл көптеу болды. Барлығының көңілінен шығуға тырыстық», - дейді мерекені ұйымдастырушы Нина Жуковская.

 

Бөлісу: