
Абилбаев Рауан Бауыржанұлы
дәстүрлі әнші
Абилбаев Рауан Бауыржанұлы 1988 жылы 23 шілдеде Алматы облысы, Талдықорған қаласында дүниеге келді.
Қанабек Байсеитов атындағы саз колледжінде білім алды (2004-2009 ж).
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттык консерваториясын «Дәстүрлі ән» бағыты бойынша тәмәмдады (2009-2013 ж).
Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қалалық мәдениет үйінің «Жібек жолы» ансамблінің солисті болды (2013-2016 ж).
П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде ұстаз (2017-2021ж).
2018 жылдан бері Алматы қалалық Мәдениет басқармасына қарасты «Алатау дәстүрлі өнер театрының артисі.
Кенен Әзірбаев атындағы VII-ші Республикалық «Шырқа даусым» әншілер байқауының Бас жүлдегері (2013 ж).
Алматы облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырған «Толағай тілім, толғашы» атты жыршы-термешілер конкурсында Бас жүлде (2014 ж).
Алматы қаласы әкімдігімен «Майра» продюссерлік орталығы бірлесіп ұйымдастырған «Күміс көмей, жезтаңдай» II-ші қалалық дәстүрлі ән орындаушылар байқауының 2- дәрежелі лауреаты (2014 ж).
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті ұйымдастырған «Текті сөздің төресі - терме» атты республикалық термешілер байқауында Алматы қаласы әкімінің арнайы алғыс хатымен марапатталды (2014 ж).
«Шабыт» XVIII-ші халықаралық шығармашылық жастар фестивалінің 3- дәрежелі лауреаты (2015ж).
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізілген «Тарихқа тағзым» Республикалық жыршылар байқауының 3-дәрежелі лауреаты (2016ж).
«Ұлы дала елі» халықаралық жыршылар фестивалінде Алматы қаласы әкімінің арнайы дипломымен марапатталды (2017ж).
Атырау облысы әкімдігі ұйымдастырған «Ән дария дүлдүлдері» I-ші Республикалық әншілер байқауының лауреаты (2017ж).
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» мақаласын қолдау мақсатында «Qazaqstan» ҰТА ұйымдастырған «Men Qazaqpyn» халықаралық мегажобасының ГРАН-ПРИ иегері (2018ж).
Қазіргі таңда Алматы қалалық Мәдениет басқармасына қарасты "Алатау" дәстүрлі өнер театрының артисі.