
Әлиев Ерсейіт Нұрланұлы
жыршы
Әлиев Ерсейіт Нұрланұлы 1995 жылдың 2 қаңтарында Қызылорда облысы, Арал ауданында дүниеге келді.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Дәстүрлі ән салу» бөлімін бітірді.
Тұрмағанбет Ізтілеуұлының 130 жылдығына арналған республикалық жыршылар байқауында 3-орын (2012 ж).
Сары Батақұлының 150 жылдық мерейтойына арналған республикалық жыршылар байқауында 1-орын (2013 ж).
«Тәуелсіздікке тағзым» атты республикалық жыршылар байқауында 2-орын (2016 ж).
Қызылорда облыстық мемлекеттік филармониясының жеке орындаушысы болды (2015-2016 ж).
Арал аудандық жыраулар үйінде үйірме жетекшісі қызметін атқарды (2016-2017 ж).
2021 жылдан бастан Алматы қалалық Мәдениет басқармасына қарасты «Алатау» дәстүрлі өнер театырының артисі.