
Садыков Аманқос Өтегенұлы
жыршы
Садықов Аманқос Өтегенұлы - жыршы-термеші, 1966 жылы 15 маусымда Қарақалпақстан республикасы, Нөкіс қаласында дүниеге келді.
Алматы эстрада-цирк училищесінде «Домбырамен ән салу» мамандығы бойынша білім алды. (1987-1989 ж.)
Алматы облыстық филармониясында әнші, термеші болып қызмет істеді. (1989-1990 ж.)
С. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінің қаржы бөлімін бітірді. (1995-2000 ж.)
Маңғыстау облыстық филармониясында әнші-жыршы болып қызмет етті. (1991-2000 ж.)
«Шәмші» деректі фильмінде басты рольді сомдады. (2014 ж.)
«Асау Барақ» дастаны, «Қыз-Жібек» эпосы (үзінді), «Әнес-сахаба» толғауы, Қашаған, Ақтан, Сүгір, Базар, Майлықожа, Әбу-Бәкір, Тұрмағамбет т.б ақын жыраулардың терме жыр толғауларын жатқа орындайды.
Шымкент университеті педагогикалық ғылымдар факультеті, музыкалық білім мамандығы бойынша оқуға түсті. (2019 ж)
ҚР «Мәдениет саласының үздігі» - (2022 ж.)
2020 жылдың желтоқсан айынан бастап Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты «Алатау» дәстүрлі өнер театрында жыршы-термеші болып қызмет атқарады.