Бибигүл Қилымхан

дәстүрлі әнші

Бибігүл ­Қилымхан 1983 жылы 14 мамырда ҚХР Алтай аумағының, Жеменей ауданында дүниеге келді.

Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрада және цирк колледжінде Венера Қармысованың сыныбын бітірді (2003-2005ж).

«Қазақконцерт» өнер бірлестігіндегі «Әлқисса» ұлт аспаптар ансамбілінің жеке әншісі болды (2003ж).

Халықаралық «Шабыт» шығармашылық жастар фестивалінде «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша Тасқын Оқапов атындағы дипломмен марапатталды (2004 ж).

Ұлттық мәдени қолдау қоры ұйымдастырған «Творческие открытия-2004г» атты байқауда дипломға ие болды (2004 ж).

Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын «Эстрадалық өнер» мамандығы бойынша тәмәмдап шықты (2005-2009ж).

Ж. Елебеков атындағы республикалық  эстрада және цирк колледжінде дәріс берді (2008-2009ж).

А. Қоразбаев атындағы  халықаралық «Ән - жырым саған - туған ел!» атты ән байқауында 2-орынды иеленді (2013 ж).

Қәзіргі уақытта Алматы қалалық Мәдениет басқармасына қарасты «Алатау» дәстүрлі өнер театрының артисі.