
Уатқан Шаттық Құмарұлы
дәстүрлі әнші
Уатқан Шаттық Құмарұлы 1994 жылы сәуір айының 28 жұлдызында ҚХР, Шұар Санжы қаласында дүниеге келді.
ҚХР Санжы қаласында бірінші сыныпқа барды (2000 ж).
Содан Алматы облысы, Ескелді ауданы, Абай ауылына, яғни қасиетті атамекенге қоныс аударды (2004 ж).
Талдықорған қаласындағы өнер мектебінде «Дәстүрлі ән-жыр» бағыты бойынша ҚР-ның мәдениет қайраткері Ерболат Шалдыбек сынды ұстаздардан дәріс алды. Мектеп қабырғасында жүріп, түрлі республикалық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды (2006 ж).
Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Музыкалық өнер факультеті», «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасында «Жетісу ән» мектебінде Даржанова Шолпан есімді ұлағатты ұстаздан дәріс алды (2012 ж).
Жастайынан халықаралық, республикалық сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Алматы облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен Дәнеш Рақышев әндері атты байқауда лауреат, 3 орын (2008ж).
Республикалық олимпиада да лауреат, 3 орын (2014ж).
«Текті сөздің төресі – терме» атты республикалық байқауда Бас жүлде иегері (2016ж).
«Текей батыр» республикалық термешілер байқауында лауреат, 3 орын (2017ж).
«Мен Қазақпын» халықаралық мега жобасының ширек финалисті (2018ж).
«Алатау» дәстүрлі өнер театрында Уатқан Шаттықтың жеке шығармашылық концерті өтті (2021ж).
2021 жылы Кенен Әзірбаев атындағы «Шырқа дауысым» X республикалық дәстүрлі әншілер конкурсының бас жүлде иегері.
Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасының өнер саласындағы тұңғыш “Umai” Ұлттық премиясында “Музыкалық-орындаушылық өнер” номинациясы бойынша дипломант атанды. (2022 жыл).
Соңғы уақыттарда актерлық қырымен де танылып жүр.
2016 жылдан бері Алматы қалалық Мәдениет басқармасына қарасты "Алатау" дәстүрлі өнер театрының артисі.