
Омарбекова Перизат Асанқызы
балет артисі
Омарбекова Перизат Асанқызы 1976 жылы 2 қаңтарда Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келді.
5 жасынан биге құмар болды. 11 жасында «Айша-бибі» халықтық би ансамблінің бишісі болды.
16 жасында «Арулардың Ару» Жамбыл облыстық қыз сыны байқауында Бас жүлдеге ие болды.
Қазақ Қыздар Педагогикалық Университетінің «Хореография» бөлімін аяқтады (1993-1997 ж).
«Қазақ биі», «Әлем халықтары билері» пәндерінен ұстаз (1997-1999 ж).
«Қазақконцерт» - Қазақ мемлекеттік гастрольдік - концерттік ұжымында «солист-биші» болып жұмыс істеді (1999 ж ).
Бишілік өнерін шыңдап, жетілдіру, дамыту мақсатында Үндістанның астанасы Дели қаласында орналасқан «Катхак-Кендра» би университетінде үнді халқының классикалық би өнерін оқып келді (1999-2000 ж ).
«Би еркесі - Перизат» (2006ж).
«Қазақстан» ҰТА ның ақпараттық қолдауымен «Биім менің - биік шың» атты жеке концерттерін өткізді (2015 ж).
Мемлекеттің қолдауымен халқымыздың би өнерін әлемге паш етті.
Испания, Венгрия (3рет), Болгария(2рет), Чехия (5 рет), Словакия (2рет), Франция (3рет), Польша (2рет) , Германия, Япония, Индия, Россия, Қырғызстан.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Хореоргафия тарихы», «Шығыс билері» сабақтарынан дәріс береді ( 2019 - 2021ж).
Өзінің жеке әдістемелік негізінде ашқан «OMARBEKOVADANCE» би мектебінде көптеген шәкірттер тәрбиеледі.
Мемлекеттік «Шапағат» сыйлығының иегері, ҚР Мәдениет қайраткері.
Халықаралық байқаулардың лауреаты.
Алматы қалалық Мәдениет басқармасына қарасты «Алатау» дәстүрлі өнер театрындағы бишілік құрамның жеке солисті.