
Арипов Дәулет Бейсебайұлы
актерлық құрам
Арипов Дәулет Бейсебайұлы 1981 жылы 16 қарашада қазіргі Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Байқоныс ауылында туылды.
Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында «Музыкалық драма» факультетінде «Музыкалық театр актері» мамандығы бойынша білім алды. (2001-2005 ж.ж.).
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Жетісай қаласындағы Қ. Жандарбеков атындағы «Жетісай» драма театрында актер болып қызмет етті. (2006-2007 ж.ж.).
«Ақсарай» мюзикл театрында актер. (2007-2015 ж.ж.).
«Ақсарай» мюзикл театрында жүріп, еліміздің барлық қалаларымен қатар Грузия, Түркменстан, Түркия, Германия, Алжир секілді бірнеше елдерде өнер көрсетті.
«Сезам» қуыршақ театрында актер болды. (2010-2011 ж.ж.).
2015-2018 ж.ж. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Мәдени – бұқаралық жұмыстардың теориясы мен әдістемесі кафедрасында ұстаз, режиссер. Қойылымдар: «Келіндер көтерілісі», «Қарашекпен», «Ех, қыздар...», «Бес саусақ».
2019 жылдан бастап "Алатау" дәстүрлі өнер театрында актер. «Жыр Жолбарыс» Сүйінбай, «Асан мен Үсен» Үсеннің, «Ғұрып» Жәпә, «Абай-Тоғжан» Сүйіндік, «Кез болған кер заман» Тұрмағанбек Ізтілеу, «Әгугай мен Игигай» Алдар көсе, «Майдан хаттары» концерт спектакльде - хабаршы, «Ән Мұхит» музыкалық драмасында – базаршы,қызыл әскер, «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясында – Шал рөлін ойнайды. Көптеген концерт, поэтикалык койлымдар да актер.
Фильмография:
К/ф: Жел кызы, Осторожно корова, 16-кыз, Бақ, Дорога, Свадьба на троих, Гламур Для Дур, Кашгарга саяхат, Бесмойнақ, Бишарашки
Т/с: Ғашык жүрек, Трақтыршының махаббаты, Бажалар, Қара шаңырақ, Такая Lave, Махаббатым жүрегімде, Таңдау, Шырғалаң, Шалғайдағы оқиға, Қыз Жолы 2, Әке, Женатик, Қазақ аруы, Саған сенемін, Сырластар, Тергеушілер, Көзайым 3, Егіз ғұмыр, Рауза, Армандастар, Бақталас, Шабдалы 18, Он бес, Солдат пен салауат, Аппақ келін.