Асанова Лаура Өміртайқызы

актерлық құрам

Асанова Лаура Өміртайқызы  1984 жылы 6 қазанда Қызылорда қаласы, Тасбөгет ықшам ауданында дүниеге келді.

М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде «Музыка пәні» (баян, домбыра, хоровой дирижёр) мамандығы бойынша білім алды.  (1999-2003 ж)

Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Музыкалық драма» факультетінде «Музыкалық театр және кино актеры» мамандығы бойынша білім алды.  (2003-2007 ж)

«Ақсарай» мюзикл театрында актриса болып қызмет етті. (2005-2010 ж)

М.Тынышбаев атындағы Қаз ККА жастар ісі комитеті шығармашылық бөлімінің көркемдік жетекшісі болды. (2010 -2018 ж)

«El production Company» медиа компаниясында актриса. (2012 -2015 ж)

Дәстүрге айналған Күләш Бәйсейітова атындағы стипендиясының иегері атанды.  (2006 ж)

2008 жылдың «Үздік актрисасы» номинациясын иеленді.

«Ақсарай» мюзикл театрымен еліміздің  түкпір-түкпірін аралап қоймай Грузия, Түркменстан, Ташкент, Түркия, Германия, Алжир секілді шет мемлекеттерде де болып, өнер көрсетті. (2007-2013 ж)

Қазіргі таңда Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты «Алатау» дәстүрлі өнер театрының артисі.