
Бекбауов Рауан Қабылұлы
актерлық құрам
Бекбауов Рауан Кабылович 1986 жылдың 13 шілдесі күні Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Ерназар ауылында дүние есігін ашты.
Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Музыкалық драма актері» мамандығы бойынша білім алды ( 2006-2009 ж).
КТК телеарнасында (2009-2011ж), «Хабар» арнасында дубляж жасады (2011-2015 ж).
Алматы облысы, Талдықорған қаласындағы Бикен Римова атындағы драма театрында актер болып жұмыс істеді (2016 ж).
2023 жылдың, мамыр айында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісімен марапатталды.
Бүгін таңда Алматы қалалық Мәдениет басқармасына қарасты «Алатау» дәстүрлі өнер театрының артисі.