Жорабаева Кенжегүл Ильясқызы

актерлық құрам

 

Жорабаева Кенжегүл Илясқызы  1987 жылдың 3 сәуірінде Тараз қаласы, Луговой ауданында дүниеге келді.

Мектеп қабырғасында жүріп, Тараз қаласы, Луговой аудандық лицейінде бір жыл юрист-экономист бағыты бойынша білім алды (2000 ж).

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Ордабасы ауданы, КөкАрал ауылында М. Жұмабаев атындағы орта мектепті тәмәмдады (2004 ж).

Алматы қаласы Орталық Азия университетінде биология мамандығы бойынша сырттай білім алды (2004-2006 ж).

Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Миниатюра театр және кино» бағыты бойынша дәріс алды ( 2007-2011ж).

Астана қаласындағы «Жастар»  театрының актрисасы болды (2011-2019 ж). Астана қаласы «Нұр-Орда» лицей- мектебінде актер шеберлігінен сабақ берді (2012-2015 ж).

Түркіменстан Ашхабад (2011 ж).

Турция Стамбул, Кония, Ескішехир (2012 ж).

Татарстан, Казань (2013ж).

Қырғызстан (2014 ж).

Белоруссия, Брест (2015 ж).

Қырғызстан, Белоруссия  (2016 ж).

Корея,Сеул (2017 ж) .

Грузия (2018 ж).

Турция,Стамбул, Кония, Каппадокия қалаларында өткен фестивальдарда өнер көрсетті (2019 ж).

«Қазақстан» ҰТА дубляж бөлімінде жұмыс істеді (2016-2019 ж).

Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Сөз сөйлеу жаныры актері», «Сахна тілі» пәндері бойынша магистрант және дәріс береді (2019-2021 ж).

2020 жылдан бастап Алматы қалалық Мәдениет басқармасына қарасты «Алатау дәстүрлі өнер театрының артисі.

Түскен фильмдері:

«Нағыз бақыт» фильмінде басты рөл.

«Алпыстан асып барамын» сериалында басты рөл.

«Абай» фильмінде Қамқа рөлінде  (эпизод).

«Бақыттың кілті - байлықта емес» басты рөл.

«Маленький принц» журналист рөлінде .

«Көрші», «Ноутбуксыз бала», «Таңдап жүріп тазға жолығу», «Қыдырбектің хикаясы» сынды сериалдарда ойнады.