Мырзалинова Құралай Балапанқызы

актерлық құрам

Мырзалинова Кұралай Балапанқызы  1982  жылы 14 ақпанда Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қарашоқы ауылында дүниеге келді.

Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық  өнер академиясына «Музыкалық драма»  факультетінің «Музыкалық театр актёрі» бөлімі мамандығы бойынша тәмәмдады.

Н. Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрында актриса болып қызмет атқарды.  (2003-2015 ж)

Ақтау Өнер колледжінде «Актер шеберлігі» бағыты бойынша сабақ берді. (2011-2015 ж)

Ақтау қаласындағы оқушылар үйінде «Актер шеберлігінен» ұстаз болды. (2016 ж)

2018 жылдан бері Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты «Алатау» дәстүрлі өнер театрының артисі.

2022 жылы, қараша айында ҚР "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісімен марапатталды.