
Пиязов Тимур Шарапұлы
актерлық құрам
Пиязов Тимур Шарапұлы 1988 жылы 28 карашада Қарақалпақстан Республикасы, Нөкіс қаласында дүниеге келді.
Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Музыкалық драма» бөлімін тәмәмдады (2009 -2013 ж).
Бәйтен Омаров атындағы «Жас Сахна» театрында актер болып жұмыс істеді (2013 -2016 ж).
«Айман Шолпан», «Дурдараз», «Замандастар», «Айналайын», «Достық жәрменкесі» секілді көптеген сериалдарға түсті.
Қазіргі уақытта қазақ аудиториясына кеңінен танымал «Бақай» эстрадалық тобының белді мүшесі.
Бүгінгі таңда Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты «Алатау» дәстүрлі өнер театрының артисі.