Рүстем Қайыртайұлы

айтыскер-ақын

Рүстем Қайыртайұлы  1986 жылы Алматы қаласында дүниеге келді. Балалық шағы Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Үштөбе ауылында өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазақҰУ дің түлегі.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өткен Республикалық Наурыз айтысында Бас жүлдені және ректор грантын иеленді (2002 ж). Халықаралық қазақ-қырғыз айтысының Бас жүлдегері (2006ж).

Өскемен қаласында өткен Оралхан Бөкей атындағы Республикалық ақындар айтысының Бас жүлдегері (2007).

Байқоңыр ғарыш айлағының 50 жылдығына арналған Республикалық ақындар айтысының 1-орын иегері (2001 ж. 11-12 сәуір).

Оңтсүтік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданында өткен Республикалық айтыста І орынды иеленді (2008).

Тәуелсіздік күніне орай Орал қаласында өткен «Тұғыры биік Тәуелсіздік!» атты VIII «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысында «Алтын домбыра» иегері (2019 ж).

Әл-Фараби атындағы ҚазақҰУ-нің ақындар клубының жетекшісі.

Алматы қалалық Мәдениет басқармасына қарасты «Алатау» дәстүрлі өнер театрындағы импровизациялық топ, айтыскер ақындар құрамында .