
Кализат Меруерт Қанатқызы
балет артисі
Кализат Меруерт Қанатқызы - 1996 жылдың 26 қазанында дүниеге келді. Туған жері Ақмола облысы, Көкшетау қаласы. 6 жасынан өнер мектебіне қабылданып, би өнерімен айналысты.
2014 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Хореография» факультетін «Спорттық бал биі мұғалімі» мамандығы бойынша тәмәмдады.
2012 - Венгрия еліндегі « Budapest dance festivalde» лауреат .
2014- Әзірбайжан елінде өткен 2 халықаралық конкурста 1 орын.
2015 - Еуропа елдеріндегі «Turksoy» халықаралық фестиваль.
2016- Баку қаласындағы халықаралық конкурста 1 орын.
2018 - Берлин қаласындағы «Tanzolymp» халықаралық конкурста 1 орын .
Қазіргі уақытта «Алатау» дәстүрлі өнер театры бишілер құрамының артисі.