
Исахан Дидар Абылхайырұлы
Этно-фольклорлық ансамбль артисі
Исахан Дидар Абылхайырұлы 1993 жылы 27 кыркүйекте Семей шаһарында дүниеге келді.
Семей қаласындағы М.Төлебаев атындағы музыка колледжінің Қазақ ұлт аспаптар бөлімі, «Домбыра» мамандығы бойынша білім алды.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Қазақ ұлт аспаптар бөлімі, «Домбыра» мамандығы бойынша толық курсын тәмәмдады.
Жеке қыры: Әуезді туындылар шығарады. Домбырадан өзге дауылпаз, күйсандық (фортепиано), гитара аспаптарын еркін меңгерген.
Халықаралық «Шабыт» фестивалі мен республикалық Тәттімбет атындағы байқауға қатысып, «Домбыра» номинациясы бойынша лауреат атанды.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Мұрагер», «Сарын» домбырашылар ансамблімен ҚХР-на, Грузия, Түркіменстан мемлекеттірінде өнер көрсетті.
«Композиция» номинациясы бойынша өткізілген байқауға қатысып, 111 дәрежелі дипломмен марапатталды.
2015 жылдан бері Қазақ ұлт аспаптар оркестірінің белсенді мүшесі.
2020 жылдың қыркүйек айынан бастап «Алатау» дәстүрлі өнер театры «Алатау» этно-фольклорлық ансамблінің артисі.