Казкенов Дастан Серікболұлы

Этно-фольклорлық ансамбль артисі

Қазкенов Дастан Серікболұлы  2000  жылы 20 шілде айында Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында дүниеге келді. Бесқарағай ауданындағы Саз мектебінің домбыра сыныбында дәріс алды. Шығармашылық ұстазы - Мотышев Ернат Еркінұлы.  Дастан Серікболұлы қазіргі сәтте Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 2 курс студенті.

Әзидолла Есқалиев атындағы «Алтын домбыра» сайысының Бас жүлде иегері

А.Жұбанов атындағы Республикалық конкурстың Гран при иегері (2016).

Республикалық конкурстың ІІ-орын иегері (2018).

Нұрғиса Тілендиев атындағы «Өз елім» халықаралық конкурсының ІІІ-орын иегері (2019).

Нұрғиса Тілендиевтің 95 жылдығына арналған «Әлқисса» Республикалық байқауында І-орын.

2020 жылдан бастап «Алатау» дәстүрлі өнер театры

«Алатау» этно-фольклорлық ансамблінің артисі.