
Құштар Қуантайұлы
Этно-фольклорлық ансамбль артисі
Құштар Қуантайұлы 1989 жылы 12 сәуірде ҚХР Іле Қазақ автономиялық облысында дүниеге келді. ҚХР Шыңжаң өнер академиясының бакалавр бойынша студенті.
ҚХР Пекин телеарнасы ЙИЦИ бағдарламасының құрыметті қонағы, ҚХР Шыңжаң студенттер композиторлық байқауының жеңімпазы, ҚХР Шыңжаң «Күміс көмей» ән байқауының финалисті.
2016 жылы «The spirit of tengri» фестивалінің қонағы болды. Бұдан өзге де көптеген жетістіктерге қол жеткізген өнер иесі жеке туындыларын альбом етіп шығарып, инстаграм парақшасы арқылы тыңдармандарына ұсынып, көрермен көзайымы болып келеді.
2017 жылдан бастап Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Алатау» этно-фольклорлық ансамблінің артисі.