
Бурашева Асель Асанқызы
Этно-фольклорлық ансамбль артисі
Бурашева Асель Асанқызы 1993 жылдың 1 сәуірінде Атырау қаласында дүниеге келді.
2009-2013 жылдар аралығында Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясы, Атырау музыка колледжін «прима-қобыз» мамандығы бойынша тәмәмдаған.
2013-2017 жылдары Алматы қаласында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын «прима-қобыз» мамандығы бойынша аяқтаған.
2017-2018 жылдары әнші, қоғам қайраткері - Нұрлан Албанның басшылығымен «БОЙТҰМАР» фольклорлық ансамблінде өнер көрсеткен. Қазіргі таңда Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Алатау» этно-фольклорлық ансамблінің артисі.