
Исках Зарина Айбекқызы
Этно-фольклорлық ансамбль артисі
Исках Зарина Айбекқызы Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданында
дүниеге келді.
2007-2012 ж ылдары С.Сейфуллин атындағы облыстық №11 мектеп-интернатының жанындағы өнер мектебінде домбыра-прима мамандығы бойынша дәріс алды.
2012-2016 жылы Орал қаласындағы «Құрманғазы атындағы саз» колледжін бітірді.
2015 жылы сәуір айынан БҚО да Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясы Дәулеткерей ұлт аспаптар оркестрінде және «Оралым» фольклорлық ансамблінде жұмыс істеді.
2016 – 2020 жылдары Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясында, профессор Е. Б. Басықараның сыныбында оқыды.
Республикалық , халықаралық конкурстардың жеңімпазы. Республикалық жоғары оқу орындары арасындағы олимпиада(2017), Ақтау қаласында өткен алғашқы Республикалық домбыра - примашылар конкурсы (2017), Халықаралық «Шабыт» фестивалі Астана қаласы(2018), Халықаралық М. Өскінбайұлы атындағы аспапта орындаушылар конкурсы(2018), 2019 жылы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Ресей Федерациясы Алтай өңірінде 3 ай болып қайтты.
2018 жылдан бері Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты «Алатау» дәстүрлі өнер театрының «Алатау» этно-фольклорлық ансамблі артисі ретінде қызметке қабылданды.