Надырханов Арнай Тахирұлы

Этно-фольклорлық ансамбль артисі

Надырханов Арнай  Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында дүниеге келді. Бесқарағай ауданындағы саз мектебінің домбыра сыныбында оқыды.

А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ-нда Байжұманов Данияр Азатқалиұлының сыныбында оқыр жүріп, республикалық, халықаралық фестивальдер мен байқаулардың жүлдегері, жеңімпазы атанды.

Қазіргі таңда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының қабырғасында Әшіров Нүркен Нұрғалиұлы сыныбында тәлім алып жатыр.

Консерватория қабырғасында көптеген іс шараларға қатысып, оқуда озаттық танытуда.

2012 жылы өткен Республикалық «Дельфии» ойындарының Гран-при иегері. Өскемен қ.

2012 жылы өткен Жас орындаушы Республикалық конкурстың Гран-при иегері. Алматы қ.

2014 жылы К.Байсейітова атындағы конкурстың 2 орын иегері. Алматы қ.

2016 жылы өткен республикалық байқаудың 1 орын иегері.

2018 жылы Ташкент қаласында өткен «Напевы Навруза» халықаралық конкурстың 1 орын иегері.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясынды  өткен олимпиадада 2 орын иегері.

Қазіргі таңда Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты «Алатау» дәстүрлі өнер театрындағы «Алатау» этно-ансамблінің домбырашысы.