Сауыт Жандос Нұршатұлы

этно-фольклорлық ансамбль артисі

Сауыт Жандос Нұршатұлы  2001 ші жылы қазан айының 12 ші жұлдызында Алматы қаласында дүниеге келді.

Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернатын тәмәмдады.

2020 жылдан бастап Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Алатау» этно-фольклорлық ансамблінің артисі.

2014 жылы Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернатында өткен Республикалық конкурста 1 орынды иеленді.

2014 жылы ҚХР Харбин қаласында өткен халықаралық конкурста 1 орынға ие болды.

2014 жылы Ахмет Жұбанов атындағы халықаралық жас орындаушылар байқауында халық аспаптар номинациясы бойынша  3 орын.

2015 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында өткен олимпиада да 1 орын.

2016 жылы Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернатында өткен Республикалық конкурста 1орын.

2016 жылы ҚХР Харбин каласында өткен халықаралық конкурста 1ші орын.

2016 жылы ҚХР Щаушек қаласында өткен конкурста 1орын.

2017 жылы Россия да Челябинск қаласында болған “Кубок Липса” конкурсынан 2  орынды қанжығасына байлап қайтса,

2018 жылы Россия да Самара қаласында болған “Виват баян”  конкурсында 2 орынды иеленді.

2018 жылы  Ахмет Жұбанов атындағы халықаралық жас орындаушылар байқауында халық аспаптар номинациясы бойынша Гран- при жеңіп алды.

2019 жылы Атырау қаласында болған “Кубок Евразия” конкурсында Гран -приге ие болды.