
Басшыбай Нәсіпжан Бейбітұлы
актерлық құрам
Басшыбай Нәсіпжан Бейбітұлы – 1979 жылы 6 мамырда, Алматы обласы, Балқаш ауданы, Балатопар ауылында дүниеге келді.
1996 ж Балатопар ауылында Ж. Жабаев атындағы орта мектепті тәмамдады.
1996-2000 жж Т. Жүргенов атындағы ҚАЗҰӨА профессор Мұрат Әбзелбаевтан тәлім алып, «сөз сөйлеу жанры актері» мамандығын алды.
2000 жылы еңбек жолын Алматы қаласындағы Мемлекеттік Қуыршақ театрында бастады
2001 ж Қазақконцерт гострольдік бірлестігінің шақыртуымен концерт жүргізушісі болып қызмет атқарды
2017 ж «Алатау» дәстүрлі өнер театрында артист, концерт жүргізушісі болып қызмет атқарып келеді
Сахнадағы рөлдері:
1999-2000 жж Ақтөбе қаласындағы Т. Ақтаев атындағы драма театрында дипломдық жұмысы «Құлагер» поэмасында басты рөлді сомдады;
«Аққу жібек» мюзклінде Төлеген ролін, «Құрманғазы» қойылымында Құрманғазы бейнесін сомдады.
Жүргізген бағдарламалар:
Алматы қаласында ИнтерНюс каналында «Менің қалам» бағдарламасы;
Орталық Азия бағдарламасында жаңалықтар легі;
Қазақрадиосында таңғы бағдарламалар.
«Алатау» дәстүрлі өнер театр сахнасында:
2017 жылы Алматы қаласында өткен Қысқы Универсиада да, Астана - ЭКСПО шараларында концерттік бағдарламаларды жүргізді;
Театрдың тырнақ алды туындысы «Жыр жолбарыс» спектаклінде Жамбылдың әкесі Жапаның бейнесін сомдады;
«Мұқағали» поэтикалық қойылымында Мұқағали бейнесінде;
Тәуелсіздік күніне арналған «Мәңгі жаса, Қазақстан» концертінде «Абылай хан» бейнесінде.
2017 жылдан бастап «Алатау» дәстүрлі өнер театрында артист, концерт жүргізушісі болып қызмет атқарып келеді