
Мұхаметқалиева Марал Анарбекқызы
актерлық құрам
Мұхаметқалиева Марал Анарбекқызы 1979 жылы 12 казанда Алматы облысы, Саркант ауданы Көкжиде ауылында дуниеге келді.
Көкжиде ауылының Ерiктi орта мектебінің 9-сыныбынан кейін, 1994ж. Алматы қаласындағы Ж.Елебеков атындағы эстрадо-цирк колледжінің «Көркем сөз оку шеберi» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1997ж. аяқтады.
Еңбек жолын 1997 жылы өнердің киелі ордасы "Қазақконцерт" концерттік бірлестігіне" концерт жургізуші, конферансье болып бастады.
1999 ж. Республикалық О.Бөкейxан атындағы көркем сөз оқу шеберлері байқауының, 2005ж. Халыкаралык "Шабыт" байқауының лауреаты болды, 2010ж. «Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен марапатталды.
2014ж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Кино жане ТВ» бөлімін «продюссер-режиссёр» мамандығы бойынша тәмамдап, бірнеше іс-шараларда режиссерлық қызмет атқарды, продюсерлік қырынан да танылды.
2016ж. Оңтүстік Қазақстан облысының (бүгінде Түркістан) Инновация университетінің "Педагогика және психология" бөлімінің Магистрлік диссертациясын қорғады. Лирикалык поэзияның Хан тәңірі атанған ақын М.Мақатаевтың мерейтойына арналған "Бір күндік сәуле" атты поэтикалык -драмалық жеке шығармашылық кешін өткізді. Сонымен қатар, сахнада ҚР xалық әртісі Мақпал Жүнісова, Алтынбек Қоразбаев, Бағдат Самидинова сынды көптеген өнер майталмандарының ән кештерін, «open air» бағытындағы ашық алаңдардағы шоу концерттер және мерекелік кештерді қазақ және орыс тілдерінде еркін жүргізіп келеді.
2013-2015 жылдары Шымкет қаласының «САЗ» колледжінде «Сахна тілінен» сабақ беріп, ұстаздық қызмет етті.
2017 жылдан бастап «Алатау» дәстүрлі өнер театрында концерт жүргізушісі болып жұмыс жасайды.