Қайырғазина Айсәуле Әділбекқызы

дәстүрлі әнші

Қайырғазина Айсәуле Әділбекқызы 1989 жылы, 28 қараша күні Ақтөбе обылысында дүниеге келген. Ұлты қазақ. 2006-2010 жылдары Ақтөбе Мемлекеттік Педагогикалық Институтын «Музыкалық білім» мамандығы бойынша бітірген. 2010-2012 жылы Құрманғазы Ұлттық консерваториясының «Дәстүрлі ән» мамандығы (ұстазы – Ырысты Сүлейменова) бойынша дайындық курсын аяқтап, 2012-2016 жылы осы мамандықтың негізгі курсын (ұстазы – Айгүл Қосанова) бітірген. Консерватория қабырғасында және қалалық, облыстық, халықаралық мерекелік шараларға өз үлесімді қосқан. 2015 – 2017 «Хазар» атты этно-фьюжн топта солист әнші. 2016 жылдың шілде айынан бастап, Алматы облысы, Қарасай аудандық мәдениет үйінде «Үшқоңыр» фольклорлық ансамблінде әнші, 2017 жылы «Алатау дәстүрлі өнер театрына» әнші-әртіс болып жасайды.

Жетістіктері:
2012 ж. Республикалық пәндік олимпиада лауреат( 2-орын)
2013 ж. Республикалық пәндік олимпиада лауреат( 2-орын)
2013 ж. «Алғыс хат» Әл-Фараби ат. ҚҰУ М. Әуезов атындағы әдеби бірлестіктің «Поэзия кеші»
2013 ж. «Алғыс хат» Алмалы ауданының әкімі С. Құсайынов. «Ана тілім – ән-жырым» атты іс-шара.
2014 ж. ІІ аймақтық Ғ.Құрманғалиев атындағы дәстүрлі әншілер байқауы, лауреат (І-орын)
2014-2016 ж. ҚР Тұңғыш Президенті Елбасының Қоры шәкіртақысының Иегері.
2015 ж. І Республикалық Мекес Төрешов атындағы «Көрінген сонадайдан Нарын еді» дәстүрлі әнші-термешілер байқауы, лауреат (3-орын)
2015 ж. «Бес ғасыр жырлайды» әдеби-музыкалық кеш, ҚазҰМУ ректоры А.Ақанов. «Алғыс хат»
2015 ж. «Бабалар аманаты» музыкалық кеш. Әл-Фараби ат. ҚазҰУ проректоры Жаманбалаева Ш.Е. «Алғыс хат»
2016 ж. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Егеменді елдігім – Тәуелсіздік теңдігім» ХІ рет өткен Мәдениет күндерінде үздік өнері үшін, Алматы облыстық Халық шығармашылығы орталығы директоры Е.Доланғараев. «Диплом»
2016 ж. «ҚР Халық Әртісі, академик, күйші –композитор Ахмет Жұбановтың домбырасы музей сахнасында» концерттік кеште өнер көрсеткені үшін музей жетекшісі Ұ. Байбосынованың «Алғыс хаты»
2016 ж. V-ші қалалық дәстүрлі ән орындаушылар байқауында «Эстрадалық ән орындау» номинациясы бойынша лауреат (3-орын, «Үшқоңыр тобы») Алматы қаласының әкімі Б.Байбек.
2017 ж. ҚР Тұңғыш Президент күніне арналған «Елім деп соққан жүрегі» VI облыстық патриоттық әндер байқауы, лауреат (1-орын)
2017-2018 ж. «Өтеді талай қызық тіршілікте» атты Наурызбек жыраудың ән-жыр кешінде, Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына арналған «Ұлы дала әуені» атты Қуаныш Жұмағалидың шығармашылық кешінде өнер көрсеткені үшін музей директоры Ұ.М. Байбосынованың «Алғыс хаттары»
2018 ж. Мәдениеттің дамуы және өркендеуіне қосқан үлесі үшін Алматы облысы әкімінің орынбасары Ж.Омардың «Алғыс хатымен» марапатталған.
«Үшқоңыр» тобының құрамында жүріп, Астанада өткен алматы облысының Мәдениет күндеріне арналған концертте және Тәуелсіздік күніне арналған Елбасы қатысуымен өткен мерекелік кеште, ҚР Халық Әртістері Мақпал Жүнісова, Майра Ілиясова сынды әншілердің жеке есеп беру кештерінде, «Сағындырған әндер-ай» атты ретро әндер кешінде, «Әлем барысы», «Қазақ барысы» спорттық байқауларында қандас бауырларымыздың рухын көтеру мақсатында өнер көрсеткен. 2017 жылы Алматы қаласында өткен 28-інші Қысқы Универсиада кезінен бастап, Алатау ДӨТ атынан өнер көрсетті және осы кезден бастап театр қабырғасында өткен барлық мерекелік іс-шараларға белсене ат салысады, дауыс диапазоны жоғары, театр ансамблі сүйемелдеуімен, жеке домбыра сүйемелімен және а-капелла, әрі хормен өнер көрсетеді.