Әкімбеков Елдос Жанатбекұлы

актерлық құрам

Әкімбеков Елдос Жанатбекұлы - 1998 жылы, 16 шілдеде қазіргі Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласында дүниеге келген.
Мектепте республика көлеміндегі оқушылар айтыстарында жүлдегер атанған.
2016-2020 жылдар аралығында Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында театр факультетінің “драма театры және кино артисі” мамандығы бойынша оқыды.
Қазіргі таңда "Алатау" дәстүрлі өнер театрының артисі.