
Ағлақова Ұлжан Уаиханқызы
дәстүрлі әнші
Ағлакова Ұлжан Уаиханқызы республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты, дәстүрлі және эстрада әншісі.
1998 жылы Тараз қалалық орта мектепте оқи жүріп, қосымша “Балалар шығармашылық орталығында” музыкалық білім алады. Мектеп қабырғасында жүріп- ақ әлемдік байқауларда бақ сынап лауреат атанады.
2010 жылы Алматыға келіп Құрманғазы атындағы консерваторияда 1 жыл даярлық курсын Дүйсенбек Өмірәлиевте оқыды. 2011-2014 жылдары Ж.Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінде Нұржан Жанпейісовтен Арқа- Жетісу класы бойынша білім алып, 2014-2018 жылдары Қазақ Ұлттық Өнер Академиясын “дәстүрлі музыка” мамандығы бойынша тәмамдайды. Облыстық “Құлансаз”, “Сүйінбай сазы” ансамбльдерінде бірнеше жыл еңбек еткен. Сондай-ақ Талғар балалар музыка мектебі және қалалық Мұқан Төлебаев атындағы музыка мектебінде, Ж.Елебеков атындағы РЭЦК-інде ұстаздық қызметтер атқарған.