
Ұзақбай Нұрболат Таңатұлы
дәстүрлі әнші
Ұзақбай Нұрболат Таңатұлы 1999 жылы 25 қарашада Балқаш қаласында дүниеге келген. Қазіргі таңда Қазақ ұлттық консерваторияның 4 курс студенті, сонымен қатар «Алатау» дәстүрлі өнер театрының артисі. Әр түрлі Халықаралық, Республикалық, Облыстық байқауларға қатысып жүлделі орындар иеленген.
9 жасында балалар өнер мектебінің домбыра сыныбында оқып, оны тәмәмдаған соң, 2015 жылы Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің дәстүрлі ән салу факультетіне оқуға түсіп, 2019 жылы қызыл дипломмен (үздік) аяқтады. Қазіргі таңда Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына грантқа қабылданып, 4 курста оқып жатыр.
Сонымен қатар Халықаралық, Республикалық, Облыстық байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпазы.
Қарағанды қаласында өткен Әнші халық композиторы Әсет Найманбайұлының 150 жылдық мерейтойына арналған дәстүрлі ән орындаушылары арасында өткен «Інжу маржан» атты облыстық байқау - Бас жүлде, (2017 ж.).
Ақтоғай ауданында өткен Әнші халық композиторы Әсет Найманбайұлының 150 жылдық мерейтойына арналған дәстүрлі ән орындаушылары арасында өткен «Інжу маржан» атты аймақтық байқауда 1-орын, (2017 ж.).
Алматы қаласында өткен I Республикалық «Жас екпін» жас өнерпаздар байқауында- Дипломант, (2018 ж.).
Қарағанды қаласында өткен Ақын әнші, композитор Ақан сері (Ақжігіт) Қорамсаұлының туғанына 175 жыл толуына арналған дәстүрлі ән орындаушылары арасында өткен «Әудем жер» атты облыстық байқауда 2-орын, (2018 ж.).
Батыс Қазақстан, Атырау қаласында өткен Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, әнші сазгер Ғарифолла Құрманғалиевтің 110 жылдығына арналған «Ақ жайықтан ән оздырған» атты Республикалық әншілер байқауында -3 орын, (2019 ж.).
Алматы қаласында өткен Республикалық кіші олимпиада «Дәстүрлі музыкалық өнер» мамандығы бойынша- 2 орын, (2019 ж.).
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласында өткен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Ақан Сері Қорамсаұлы атындағы I-ші Республикалық дәстүрлі әншілер байқауы- 2 орын, (2020 ж.).
Балалар музыка мектептері мен өнер мектептерінің оқытушылары арасындағы «Шабыт шаттығы» атты V аймақтық орындаушылық шеберлік байқауы («Ансамбльдер» номинациясы) «Жалын» домбырашылар ансамблі- Бас жүлде, (2020 ж.).
Балалар музыка мектептері мен өнер мектептерінің оқытушылары арасындағы «Шабыт шаттығы» атты V аймақтық орындаушылық шеберлік байқауы («Ансамбльдер» номинациясы) «Мерей» ансамблі- 2 орын, (2020 ж.).
Тараз қаласында өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы аясында Кенен Әзірбаев атындағы Х Республикалық «Шырқа, даусым» дәстүрлі әншілер байқауында- 2 орын, (2021 ж.).
Қарағанды қаласында өткен Жүсіпбек Елебеков атындағы дәстүрлі әндерді орындаушылардың VІІІ Республикалық байқаудың 1 орын (лауреат) иегері. (2021 ж.).
Әнші, композитор, Қазақ КСР-ның халық әртісі М.Ержанов атындағы «Сайра, бұлбұл!» аймақтық дәстүрлі әншілер байқауының жеңімпазы – Бас жүлде. (2021ж.).
Қостанай облысында өткен Н.Наушабаев атындағы II Республикалық «Арқада Наушабайдың Нұржаны өткен...» жыр терме дәстүрлі ән орындаушылар байқауына қатысып, қазақ өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін Дипломмен марапатталды. (2021 ж.).
Қазақстан Республикасының Еңбек күніне орай «Еңбек жолы» республикалық конкурсының облыстық деңгейі - «Өндірістің үздік жас маманы» номинациясы - Диплом. ( 2021 ж.).
Білім саласын дамытуға қосқан мол үлесі мен педагогикалық қызметте шығармашылық табыстарға қол жеткізіп, біліктілік танытқаны үшін - Құрмет грамотасы (2021 ж.).
Мәди Бәпиұлы атындағы v Республикалық дәстүрлі әншілер конкурсының 1 орын жүлдегері (2022 ж.).
Композитор Мұратхан Егінбаевтың шығармашылығына арналған ІІ Республикалық “Сәйгүлік” атты әншілер байқауында 2 орын жүлдегері (2022 ж.).
Әміре Қашаубаев атындағы дәстүрлі ән орындаушыларының республикалық байқауына қатысып, Ә.Қашаубаевтың репертуарындағы шығармаларын үздік орындап арнайы жүлде иегері атанды (2022 ж.).
Ұлытау облысы, Қаражал қаласы Жәйрем кентінде өткен Қазақ ССР Халық әртісі, Манарбек Ержановтың 122 жылдығына арналған I Республикалық дәстүрлі әншілер байқауында l-орын алды (2023 ж.).