
Мауетбек Лунара Мауетбекқызы
этно-фольклорлық ансамбль артисі
Мауетбек Лунара Мауетбекқызы 2000 жылы 16 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген.
А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикслық қазақ мамандандырылған музыка мектеп интернаты (2018 ж.), Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы (2022 ж.) түлегі.
Жетістіктері:
* Т. Жүргенов атындағы ҚҰӨА-да өткен «Дәстүрлі музыкалық шығармашылықтың өзекті мәселелері» атты онлайн дөңгелек үстелге белсене қатысты.
* 2018 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 27 жыл толуына орай шет елдегі Қазақстан елшілігімен ұйымдастырылған Польша, Чехия, Венгрия елдерінде өнер көрсетті.
* 2019 жылы Мәскеудегі Қазақстан елшілігімен ұйымдастырылған жабық іс-шарада өнер көрсетті.
* 2020 жылы Анталияның халықаралық қалалары Қауымдастық ұйымдастырған "Дәстүрлі халық өнері" фестиваліне қатысқаны үшін алғыс хат.
* 2021 жылы “Dombyra” Ұлттық телеарнасының ұйымдачтыруымен “Наурыз шақырады” мерекелік концертінде өнер көрсетті.
* 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай, Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Шекара қызметінің ұйымдастыруымен іс-шараларға қатысқаны үшін грамотамен марапатталды.
* Қазақстанның халық әртісі Дина Нұрпейісованың 160 жылдығына орай ұйымдастырылған “Күй анасы” дәстүрлі музыкалық кешіне қатысып, қонағы болған үгін Алғыс хат.
Жеке орындаушылық ретінде марапаттары:
• Өзбекстан, Ташкент қаласвнда өткен Халықаралық «Ona yurt ohanglari» байқауында – ІІІ-ші орын.
• Республиканский конкурс молодых исполнителей им. Т.К. Жургенова «Жас екпін» – диплом.
• Оразбек Сәрсенұлы атындағы Республикалық «Күй аманат» байқауының І-ші орын иегері.
• Белоруссия, Старо-Борисов қаласында өткен ІV-ші халықаралық вокалдык және аспаптық өнерінің «Натхненне роднага краю» конкурс-фестивалінде IІ-ші орын лауреаты.
• Республикалық «Үкілі домбыра» жас күйшілер байқауының ІІІ-ші орын иегері.
Ансамбль құрамында:
• Белорусия, Старо-Борисов қаласында өткен III-ші халықаралық вокалдык және аспаптық өнерінің «Натхненне роднага краю» конкурс-фестивалінде I орын лауреаты.
• Түркия, Анталия қаласында өткен «Geleneksel Halk Sanati Festivali» I орын иегері.
• I-ші халықаралық «Навруз тароналари» ұлттық аспапта өнер көрсету байқауында I орын иегері.
• III международный конкурс инструментальных ансамблей г. Челябинск I орын лауреаты.