Абдрахманов Нариман Қажымұратұлы

дәстүрлі әнші

Абдрахманов Нариман Қажымұратұлы 1990 жылы наурыз айының 6-шы жұлдызында Шығыс Қазақстан облысы, Аякөз ауданы, Тарбағатай ауылында дүниеге келген. Алматы қаласындағы Республикалық Ж. Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжін, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясын дәстүрлі ән мамандығы бойынша бітірген.

Әсет Найманбаев атындағы І Республикалық дәстүрлі әншілер байқауының, Мәдениет Ешекеев атындағы конкурстың бас жүлдегері, І Халықаралық Тұрсынғазы Рахимов атындағы конкурстың, Дәнеш Рақышев атындағы Республикалық байқаудың, Мұқағали Мақатаев атындағы облыстық конкурстың І орын иегері, Иманжүсіп Құтпанұлы, Мәди Бәпиұлы атындағы Республикалық дәстүрлі әншілер байқауының және т.б. конкурстардың лауреаты.

Ұлытау облысы, Қаражал қаласы Жәйрем кентінде өткен Қазақ ССР Халық әртісі, Манарбек Ержановтың 122 жылдығына арналған I Республикалық дәстүрлі әншілер байқауында ІІ-орын алды (2023ж.).

Қазіргі таңда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының артисі.