Мұратхан Диас Русланұлы

дәстүрлі әнші

Мұратхан Диас Русланұлы 1999 жылы 28 мамырда Шығыс қазақстан облысы Үржар ауданы, Жоғарғы Егінсу ауылында дүниеге келген.

Алматы қаласындағы Ж.Елебеков атындағы РЭЦК колледжін (2014-2017 ж.ж), Т. Қ. Жүргенов атындағы ҚҰӨА түлегі (2017-2021 ж.ж.).

Халықаралық және Республикалық ән байқауларының лауреаты-жеңімпазы атанған.

Елебеков атындағы VII Республикалық байқауда 2 орын, 2017 жыл.

С.Торайғыров атындағы республикалық дәстүрлі әншілер байқауында 2 орын 2018 жыл.

Әміре Қашаубаевтың 130 жылдығына арналған Республикалық дәстүрлі әншілер байқауында 3 орын 2018 жыл.

Сәйгүл атты М.Егінбаев атындағы Республикалық байқауда 1 орын, 2019 жыл. Д.Рақышев атындағы Республикалық байқаудан 2 орын, 2019 жыл.  А.Құнанбайұлы атындағы Республикалық байқаудың бас жүлде иегері, 2021 жыл. Ж.Кәрменов атындағы Республикалық «Ән - Алматы» дәстүрлі әншілер байқауының бас жүлде иегері, 2022 жыл. Қарағанды қаласында өткен Мәди Бәпиұлы атындағы V Республикалық дәстүрлі әншілер конкурсында БАС ЖҮЛДЕ иегері атанды (2022 жыл).

Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасының өнер саласындағы тұңғыш “Umai” Ұлттық премиясында “Музыкалық-орындаушылық өнер” номинациясы бойынша “Үздік дәстүрлі орындаушы” сыйлығын иеленді. (2022 жыл).

Екібастұз қаласында өткен қазақтың көрнекті әншісі, ақын-сазгері, ҚазақССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері Естай Беркімбаев атындағы Республикалық дәстүрлі әншілер байқауында І орын алды. (2023 жыл).

Қазіргі таңда 2022 жылдан бастап «Алатау» дәстүрлі өнер театрының артисі.