
Тулепбергенова Динара Бахадурқызы
актерлық құрам
Тулепбергенова Динара Бахадурқызы 1991 жылы 22 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара қаласында дүниеге келген.
Қызылорда қаласындағы №12 Ілияс Қабылов атындағы қазақ орта мектебін тәмамдаған.
2006-2009 жылдары Қызылорда қаласындағы Қазанғап атындағы музыкалық колледжде “хореография” бөлімінде “Халық биі ансамбілінің әртісі” мамандығы бойынша оқып, диплом алды.
2009 - 2013 жылдары Алматы қаласындағы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында “Актерлық өнер “ бөлімінің “драма театры және кино актеры “ мамандығы бойынша Бакалавры академиялық дәрежесі берілді.
Түскен туындылары : “ Базарбаевтар отбасы” , “ Әпке” , “ Ұлжан “ , “Жедел жәрдем” , “ Ақылдың кілті”, “ Абзал жан” , “ Асыл арман” , “ Дулати “ , “ Абай” , “ Күйеу бала “, " Күйеу бала 2 " .
2014 - 2015 жылдары Алматы қаласындағы Байтен Омаров атындағы “Жастар “ театрында мамандығы бойынша театр актрисасы қызметін атқарды.
2020 жылы Қызылорда қалалық “Жастар “ театрында қызмет етті.
2021 жылы Бақтияр Есенов атындағы “ Үздік эпизоттық роль “ номинациясымен марапатталды.
2021 жылдан бастап Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты “Алатау” дәстүрлі өнер театрының әртісі.