“Күй керуен” атты Республикалық күй кеші өтті
Бүгін Бейбарыс сұлтанның 800 жылдық мерейтойына орай Алматы қаласы Мәдениет басқармасы және “Алатау” дәстүрлі өнер театрының ұйымдастыруымен “Күй керуен” атты республикалық күй кеші өтті.
Қазіргі таңда еліміздегі күй мектептері жеті бағытқа бөлінген. Алтай-Тарбағатай күйшілік аймағы, Арқа күйшілік аймағы, Жетісу күйшілік аймағы, Қаратау күйшілік аймағы мен Сыр күйшілік аймағы, Батыс күйшілік аймағы және Маңғыстау күйшілік аймағы деп аталады. Осы қалыптасқан мектептердің барлығы дерлік осы кеште қамтылды.
Аталған шараның шымылдығын театрымыздың “Алатау” этно-фольклорлық ансамблі ашты. Кеште Мұрат Әбуғазы, Жанғали Жүзбаев, Айгүл Үлкенбаева, Талғат Мұқышев, Саян Ақмолда сынды басқа да белгілі күйшілер қатысып, халқымыздың дәстүрі киелі қара шаңырағымызда насихатталды.
Кеш қонақтары Мейрамбек Беспаев және Асылбек Еңсепов өнер көрсетіп, көрермен қошеметіне ие болды.