Жәнібек Кәрменов атындағы II Республикалық дәстүрлі ән орындаушылары байқауы өз мәресіне жетті

Алматы қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасы және “Алатау” дәстүрлі өнер театры ұйымдастырған Жәнібек Кәрменов атындағы II Республикалық дәстүрлі ән орындаушылары байқауы өз мәресіне жетті!

Бүгін Алматы қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасы және “Алатау” дәстүрлі өнер театры ұйымдастырған Жәнібек Кәрменов атындағы II Республикалық дәстүрлі ән орындаушылары байқауы өз мәресіне жетті!
⚜️ Байқау жеңімпаздары:
“Бас жүлде” Айдос Саниязбекұлы - Абай облысы,
І орын - Нұрболат Ұзақбай - Қарағанды облысы,
ІІ орын - Байбақты Ідірбай - Алматы қаласы,
ІІІ орын - Мадияр Азаматұлы – Қарағанды облысы,
“Ж.Елебеков атындағы арнайы жүлде”- Қанатқан Жеңісханұлы - Абай облысы,
“Ж.Кәрменов атындағы арнайы жүлде” - Өмірзақ Шешханұлы –  Ақмола облысы,
Дипломанттар - Еркебұлан Қарыпов - Солтүстік Қазақстан облысы және
Нұрсұлтан Елемесов - Алматы облысы.

Қазылар алқасының төрағасы - Рамазан Стамғазы, мүшелері Әділет Мұса, Сәуле Жанпейісова, Ардақ Исатаева және Амангелді Күзеубай.

Байқауымыздың арнайы шақырылған қонағы болып Жәнібек Кәрменовтің жұбайы Тұрар Байгенқызы мен ұлы Шаһ-Керім Кәрменұлы келді.

Кеш соңында Алматы қаласының Мәдениет басқармасының атынан өнерпаздарға арнайы марапат пен сыйақы табысталды.

Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз!

 

 

Бөлісу: