“Күй керуен” атты республикалық күйшілер кеші

Құрметті өнер сүйер қауым! 31 қазан күні Бейбарыс сұлтанның 800 жылдық мерейтойына орай Алматы қаласы Мәдениет басқармасы және “Алатау” дәстүрлі өнер театрының ұйымдастыруымен “Күй керуен” атты республикалық күйшілер кеші өтеді.

Қазіргі таңда еліміздегі күй мектептері жеті бағытқа бөлінген. Алтай-Тарбағатай күйшілік аймағы, Арқа күйшілік аймағы, Жетісу күйшілік аймағы, Қаратау күйшілік аймағы мен Сыр күйшілік аймағы, Батыс күйшілік аймағы және Маңғыстау күйшілік аймағы деп аталады. Осы қалыптасқан мектептердің барлығы дерлік осы кеште қамтылады.

«Күй керуен» республикалық күйшілер кеші
31 ҚАЗАН
19:00
Кіру тегін
Мекен жайымыз: Алматы қаласы, «Алатау» дәстүрлі өнер театры, Нұркент 6