“Ұлағатты сөзім ұрпаққа” атты Республикалық жыршы-термешілер фестивалі

10 қыркүйек күні “Алатау” дәстүрлі өнер театры сахнасында Алматы қаласы әкімдігі, Алматы қаласы Мәдениет басқармасы мен “Алатау” дәстүрлі өнер театрының ұйымдастыруымен Алматы қаласы күніне орай “Ұлағатты сөзім ұрпаққа” атты Республикалық жыршы-термешілер фестивалі өтеді.
Фестивальдің мақсаты елімізде көнеден жеткен нақыл-насихатты өскелең ұрпақ бойына сіңіріп, алқалы топта өсиет-өлең толғап, тыңдарманның көңілін дөп басқан шайырлардың өнерін дәріптеу. Тарихымыздан дара дәстүрді жоғалтпай, ізін жалғаған жас жыршыларды ел арасында таныту. Сол жыршылар есімін кеңінен таныстыру, ұлттық өнерді дәріптеу, ұрпақ сабақтастығын жалғастыру.

10 ҚЫРКҮЙЕК
«Ұлағатты сөзім ұрпаққа» атты Республикалық жыршы-термешілер фестивалі

Басталуы - 18:30
Кіру тегін
​Мекен-жайымыз: Алматы қаласы,
Нұркент 6